Қазақстанда «массмедиа» туралы заң қабылданғалы бері ЛГБТ насихаты үшін ешкім жауапқа тартылмаған

Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін «О массмедиа» заңы қабылданған сәттен бері ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.
Кочетовтің айтуынша, министрлік құқықтық мониторинг жүргізіп отыр, алайда осы уақытқа дейін ешқандай бұзушылық анықталмаған.
«Никого к ответственности не привлекали. В данном случае мы говорим про правовой мониторинг, который осуществляет Министерство культуры и информации. Ничего не было, поэтому те опасения, которые были у некоторых представителей неправительственного сектора, они не совсем оправдались», — заявил Кочетов в кулуарах Мажилиса.
Шенеунік жаңа норманың қабылдануы ақпараттық кеңістіктегі жағдайды айтарлықтай өзгертпегенін атап өтті.
«Если мы даже посмотрим информационное поле, по большому счёту, ничего не изменилось. Эта норма, возможно, носит профилактический характер — чтобы люди задумывались перед публикацией того или иного контента», — добавил вице-министр.
Сонымен қатар Кочетов интернеттегі кейбір материалдар бұрын да, заң қабылданғанға дейін де бұғатталғанын нақтылады.
«Они блокировались и до этого. Был ряд сайтов, которые публиковали такие материалы. Но если говорить именно в контексте этого закона — нет, таких случаев не было», — добавил он.
Контекст
Қазақстанда ЛГБТ насихаты үшін жауапкершілік заңмен қарастырылған. Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, бұл балаларды қорғау мақсатында енгізілген: заң БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және басқа онлайн-платформаларда дәстүрлі емес қатынастарды насихаттайтын жарияланымдарға тыйым салады.
2025 жылғы 30 желтоқсанда заңға Президент қол қойған.


