Қазақстанда ит иелеріне тіркеу мен салық енгізу ұсынылды

Қазақстанда ит иелеріне арналған салық енгізу ұсынылды.
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Германия, Нидерланд, Австрия, Чехия және Испания тәжірибесіне сүйене отырып, иттерді тіркеу және итке салық енгізуді ұсынды. Ұсыныс бойынша, салық мөлшері иттің тұқымына байланысты болады.
Депутаттың айтуынша, бұл шара ит иелерін тәртіпке келтіруге және қаңғыбас жануарларға көмекті қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аталған мәселені заң жобасының екінші оқылымына дейін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


