Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды.
Оқиға 29 наурызда болған. Дәрігер мен фельдшер шақырту бойынша келіп, науқасты қарап жатқан сәтте қолында пышағы бар, алкогольдік мас күйдегі ер адамның өздеріне қарай жақындап келе жатқанын байқаған.
Медиктер бөлмеге кіріп, есікті іштен жауып үлгерген және болған жағдай туралы диспетчерге хабарлаған. Полиция келгенге дейін олар науқастың пәтерінде қамалып отырған.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына келген полицейлер болған жағдайды «ұсақ бұзақылық» ретінде саралаған.
Медициналық қауымдастықта жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты агрессия жағдайлары жиілегені айтылып, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуге шақырады.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


