Қазақстанның қалааралық трассаларында су тасқыны қаупіне байланысты жаңа ескерту белгілері орнатылуда

Қазақстанның қалааралық трассаларында су тасқыны қаупіне байланысты жаңа ескерту белгілері орнатылып жатыр.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі Telegram-арнасында су тасқыны қаупі бар учаскелерде арнайы ескерту белгілері қойылып жатқанын хабарлады. Компания жолдың жүру бөлігін су басу қаупіне байланысты жүргізушілерді сақ болуға, ескерту белгілерін елемеуге, сондай-ақ көрсетілген орындарда жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтауға шақырды.
Бұған дейін Көлік министрлігінде жедел кеңес өтіп, онда теміржол және автомобиль жолдарын, сондай-ақ әуежайларды су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері қаралды.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын бақылауды күшейту және көлік инфрақұрылымы нысандарында қажетті қарсы су тасқыны шараларын жүргізу бойынша шешімдер қабылдады.
Негізгі шаралар қатарында:
- өңірлердің қарсы су тасқыны жұмыстарының барысы туралы күн сайын есеп беруін ұйымдастыру;
- жедел әрекет ету үшін жолдардың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік қамтамасыз ету;
- жол төсемін қорғауға арналған инертті материалдарды, құмды, бут тасын, құм-қиыршықтас қоспасын, қаптарды және басқа ресурстарды алдын ала жинақтау;
- су өткізу құбырларын, көпірлерді және өзге де жасанды құрылыстарды қардан, мұздан және қоқыстан тазарту;
- тәуекелі жоғары аймақтарда ықтимал айналма бағыттарды пысықтау.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Кеген Тұрсынбаев Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 5 өңір бар екенін айтқан. Тізімге Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Абай облысы кіреді.
Вице-министрдің айтуынша, биыл уәкілетті органдар жалпы алғанда су тасқынына «100 пайыз» дайын. Дегенмен аталған өңірлерде су басу қаупі жоққа шығарылмайды.
«Всё зависит от снежного покрова, от замерзания почвы. Мы эти зоны риска определили, но будут приняты все меры, чтобы населённые пункты не подтопило. (...) Я думаю, по результатам прохождения паводков 2026 года будет видно, кто был готов, кто не был готов. На данный момент готовность у всех к реагированию», — деді Тұрсынбаев.
Бұған дейін ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу үшін су айдындарында жарылыс жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлаған.


