Астанада шығу тегі белгісіз ет анықталды

Астанада шығу тегі белгісіз ет табылды.
Полиция қызметкерлері фураны тоқтатып, оның ішінен ірі қара малдың 26 тушасын және жылқы етінің 5 тушасын анықтады. Жүк ешқандай ілеспе құжаттарсыз және ветеринарлық клеймосыз тасымалданған.
Еттің жалпы көлемі 6 тоннадан асты. Жүк иесі саналатын 48 жастағы азамат ветеринарлық талаптарды бұзғаны үшін айыппұлға тартылды, ал барлық ет сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


