ФИФА Қазақстан құрамасының рейтингін FIFA Series-тегі жеңістен кейін көтерді

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) Қазақстан ұлттық құрамасының рейтингін үйде өткен FIFA Series турниріндегі жеңістен кейін көтерді.
ФИФА соңғы әлем чемпионаты іріктеу ойындары, жолдастық кездесулер және FIFA Series матчтарынан кейін ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Қазақстан құрамасы Намибия және Комор аралдарына қарсы ойындардың қорытындысы бойынша төрт сатыға көтерілді.
Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 110-орынға жайғасты және Комор аралдары құрамасына жақындай түсті (олар 109-орынға төмендеді). Қазақстаннан төмен КХДР, Әзербайжан, Үндістан және басқа командалар қалды.
Рейтинг көшбасшысы Бразилия мен Колумбияны жеңгеннен кейін Франция құрамасы атанды. Екінші орында — Испания, үшінші орында — Аргентина.
Еске салайық, Комор аралдары құрамасын 1:0 есебімен жеңу Қазақстан құрамасына тарихындағы алғашқы титулды — FIFA Series қорытындысы бойынша кубокты алып берді.
Қазақстан футбол құрамасы тарихындағы алғашқы трофейді жеңіп алды

Бұған дейін Қазақстан құрамасының және алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков FIFA Series турниріндегі жеңістен кейінгі эмоциялары туралы пікір білдірген.
Сондай-ақ плей-офф матчтарынан кейін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын барлық құрамалар анықталған.


