DEMOSCOPE бюросы ақпарат көздеріне сенім туралы сауалнама нәтижелерін жариялады

DEMOSCOPE бюросы «Ақпарат көздеріне сенім» тақырыбында халық арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнама деректеріне сәйкес, қазақ тілінің рөлі күшейіп келеді: азаматтардың 76,5% ақпаратты қазақ тілінде тұтынады. Оның ішінде 45,4% ақпаратты негізінен мемлекеттік тілде алады, ал 31,1% екі тілде теңдей тұтынады. Сонымен қатар, 21,1% ақпаратты негізінен орыс тілінде алады.
Сенім деңгейіне қатысты нәтижелер азаматтардың жартысынан астамы тек екі ақпарат көзіне сенетінін көрсетті: мемлекеттік БАҚ – 57,4% және туыстар, достар – 54,4%. Ал блогерлер мен әлеуметтік желілерге, шетелдік БАҚ пен жеке БАҚ-қа сенім төмен екені атап өтілді.
Сөз бостандығы бойынша сауалнамада мына деректер келтірілген:
- 🔺 2025 жылы Қазақстан «Репортёры без границ» рейтингінде 141-орында («өте қиын жағдай»);
- 🔺 Халықтың 34,9% жағдайды оң бағаласа, 33,6% нейтралды, ал 27,2% теріс бағалаған;
- 🔺 50-59 жас тобы критикалық көзқараста (36,3%), ал 18-29 жас жастар арасында теріс баға 23% болған.
Жалпы, нәтижелер қазақ тілі мен әлеуметтік желілердің қазіргі медиасферада негізгі рөл атқаратынын, ал сенім деңгейі көбіне жас ерекшелігі мен ақпарат көздерінің түріне байланысты өзгеретінін көрсетеді.
🎙️ @rabiga.patta


