Қазақстандық велошабандоздар Анель Ташбай мен Аружан Кабдулова Азия чемпионатында мэдисоннан алтын алды

Қазақстандық велошабандоздар Анель Ташбай мен Аружан Кабдулова Филиппинде өтіп жатқан юниор қыздар арасындағы турнирде Азия чемпионатында «мэдисон» дисциплинасында алтын медаль жеңіп алды.
Алтын үшін бәсекеде қазақстандық спортшылар Өзбекстан мен Тайбэй құрамаларын басып озды. Ең жақын қарсыластарына қазақстандықтар 40 ұпайдан астам айырмашылықпен алға шыққан.
Бұл медаль Қазақстан құрамасы үшін Азия чемпионатындағы екінші алтын болды.
Бұған дейін Анель Ташбай, Аружан Кабдулова, Виталина Хоружая, Алия Букаева және Айгерим Смайлканова юниор қыздар арасында командалық қуу жарысында жеңіске жеткен.
Мэдисон деген не?
Бұл ерекше велодисциплина XIX ғасырдың соңында пайда болғанымен, қазіргі ережелері 2016 жылға қарай түпкілікті қалыптасты. Бұл мэдисонның Олимпиада бағдарламасына екінші рет енгізілуінің алдында болған.
Қазіргі ережеге сай, әйелдер командасы 30 шақырымдық жарыста бақ сынайды. Қатысушылар бірін-бірі алмастыра алады, ал нәтиже аралық мәрелерде жиналған ұпай санына байланысты анықталады.
- Әр жеңіс үшін команда 5 ұпай алады
- Екінші орын үшін — 3 ұпай
- Одан кейін — 2 және 1 ұпай
- Соңғы мәредегі ұпай екі еселенеді
Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанның 19 жасқа дейінгі футбол құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеудің элиталық раундындағы алғашқы матчта жеңіске жетіп, әлем чемпионатына шығуға жақындай түскені хабарланған.


