Астана 28 наурызда «Жер сағатына» қосылады

Астана 28 наурызда халықаралық экологиялық «Жер сағаты» акциясына қосылады.
28 наурыз күні елордада «Жер сағаты» өтеді. Акция аясында 20:30-дан 21:30-ға дейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұрғындар мен ұйымдар жарық пен электр құрылғыларын өшіріп, табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын еске салуды мақсат етеді.
Іс-шараны қолдау үшін Хан Шатырда концерт ұйымдастырылады. Сонымен қатар Бәйтерек, «Астана Арена» және «Алау» мұз сарайын қоса алғанда, бірқатар нысанның жарықтандыруы уақытша сөндіріледі.
Жарықтан ажыратылатын ғимараттардың толық тізімін мына жерден көруге болады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


