ШҚО-да полицейлер марокколық велосаяхатшыға көмектесті

🚵♂️ Шығыс Қазақстан облысында полицейлер шетелдік велосаяхатшыға көмек көрсетті.
Марокко азаматы Адиль Бумлик аймақ арқылы велосипедпен сапар шегіп, Өскеменнен Самар ауданына жеткен. Алайда Үміш асуында оның велосипеді бұзылып қалған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері саяхатшыға шұғыл жәрдем берді. Олар жағдайды бағамдап, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, велосипедті жөндеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында турист келесі күні-ақ сапарын жалғастыра алған.
Қазіргі уақытта Адиль Бумлик Катонқарағай және Алтай аудандарына қарай бет алған. Оның Қазақстандағы саяхаты шамамен бір айға созылады.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


