Қалың тұманға байланысты Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар трасса учаскелері жабылды

Қалың тұманға байланысты Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында трассалардың жекелеген учаскелері жабылды.
24 наурыз 2026 жыл, 20:00 — ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың төмендегі учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Қарағанды облысы:
— Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті автожолының 970 — 1135 шақырымдары, Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейін.
Павлодар облысы:
— Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті автожолының 1135 — 1206 шақырымдары, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін.
Жолды ашудың болжамды уақыты — 25 наурыз 2026 жыл, 8:00.
24 наурыз 2026 жыл, 20:30 — ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың төмендегі учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Ақмола облысы:
— Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы автожолының 16 — 200 шақырымдары, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін.
Павлодар облысы:
— Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы автожолының 200 — 254 шақырымдары, Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін.
Жолды ашудың болжамды уақыты — 25 наурыз 2026 жыл, 8:00.


