Астанада Forbes тізіміне енген IT-кәсіпкер 15 тәулікке қамалды

Астанада Forbes-тің «30 до 30» рейтингіне бұрын енген 27 жастағы кәсіпкер Роман Линейцев полицейлік мәліметтерде тіркеліп, 15 тәулікке қамалды.
Полиция дерегінше, Линейцевтің тоғыз автокөлігі бар және жыл басынан бері 50-ден астам жол ережесін бұзған. Бұзушылықтардың басым бөлігі — жылдамдықты асыру. Соңғы рет оны Күйші Дина көшесінде «BMW» көлігін жүргізіп келе жатқан кезде тоқтатқан.
Ең қауіпті бұзушылықтардың қатарында «Porsche» көлігімен жаяу жүргіншілер өткелінен 133 км/сағ жылдамдықпен қызыл шамға өту, сондай-ақ рұқсат етілген 90 км/сағ орнына 216 км/сағ жылдамдықпен жүру фактілері аталды.
Сотта Линейцев кінәсін мойындап, «жай ғана асықтым», жол бос болғанын айтқан. Алайда сот оның әрекеттері айналасындағыларға нақты қауіп төндіргенін анықтады.
Нәтижесінде ол ұсақ бұзақылық бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.
Линейцев — «Grand Mobile» мобильді ойынының негізін қалаушы. Оның айтуынша, жоба тек 2024 жыл ішінде шамамен 18 миллион доллар әкелген.
t.me/kriminal_kazakhstan


