Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/16 финалында Украина өкілі Марта Костюкты жеңді. Қазақстанның үздік теннисшісі әлемнің 28-ракеткасын екі сетте — 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
1/8 финалда Елена Рыбакина әлемнің 68-ракеткасы, Австралиядан Талия Гибсонмен кездеседі. Матч ертең, 24 наурызда, Қазақстан уақыты бойынша 05:30-да өтеді.
Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында ұйымдастырылып жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18,8 миллион долларды (шамамен 9,08 миллиард теңге) құрайды.
Жекелей сында жеңімпаздар 1 миллион 380 мың доллардан ( 555 миллион теңгеден астам) алады.
Бұған дейінгі айналымда Елена Рыбакина Miami Open турнирінде отандасы Юлия Путинцеваны жеңген болатын.
Ерлер арасында турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Александр Шевченко әлемнің тоғызыншы ракеткасы — америкалық Бен Шелтонды сенсациялық түрде ұтты.
Сондай-ақ 18 жастағы Амир Омарханов Тунистегі ITF M15 турнирінің жеңімпазы атанды.


