Жамбыл облысында құтқарушылар батпаққа батқан көліктен 5 адамды эвакуациялады

🚨 Жамбыл облысында құтқарушылар батпаққа батқан көліктен адамдарды эвакуациялады
Жамбыл облысы 112 пультіне Нұрлыкент ауылынан 10 шықырым жерде орналасқан жолда жеңіл автокөлік батпаққа батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
⛑️ Құтқарушылардың күшімен автокөлік жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Көліктің ішінде 5 адам, оның ішінде 1 бала болған.
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.
❗ ТЖМ елді мекеннен тыс жерге шығар алдында жол жағдайын міндетті түрде ескеруді сұрайды.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...

