Ақтөбе облысында құтқарушылар балшыққа батқан жедел жәрдем көлігіне көмектесті

Ақтөбе облысында құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті.

🚑 Хромтау қаласында шақыруға бара жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі балшыққа батып, қозғалысын жалғастыра алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ күштері өтімділігі жоғары көліктің көмегімен жедел жәрдем көлігін балшықтан шығарып, жолдың жүру бөлігіне сүйреп шығарды.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде медицина қызметкерлері белгіленген бағыт бойынша қозғалысын жалғастырды.
ТЖМ кез келген жағдайда көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін мәлімдеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


