Алматы тауларында құтқарушылар адасып кеткен 5 жасөспірімді тапты

🏔 Алматы тауларында құтқарушылар адасып кеткен 5 жасөспірімді тапты

«112» пультіне Алматы тауларында бес жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабар түсті.
Өтініш берушінің айтуынша, олардың бірінің әкесі 2009 жылы туған жасөспірімдер Күмбел шыңына көтеріліп, кейін «Үш ағайынды» шыңы маңына (шамамен 3000 м) түскенін, одан кейін кері қайтқанын хабарлаған. Осыдан кейін олармен байланыс үзілген. Әкесі ұлының демікпе ауруына шалдыққанын ескеріп, бірден құтқарушылардан көмек сұраған.
Іздестіру жұмыстарына дереу Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің экипажы, «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды.
Бір сағаттан кейін құтқарушылар топпен көзбен байланыс орнатты — арақашықтық шамамен 1,5 км болды.
⛑️ Жасөспірімдердің бірінде ауру асқынып (бронхиалдық демікпе ұстамасы), ол қарда жүретін техникамен эвакуацияланып, АМО бригадасына тапсырылды. Қалған төртеуі құтқарушылардың сүйемелдеуімен жаяу түрде Көкжайлау шатқалына дейін түсіріліп, қалаға жеткізілді.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері заманауи реанимобильде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ингаляция жасап, кейін оны үйіне жеткізді.
🙏 Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жасөспірімдер табылып, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.


