Ресей актрисасы Екатерина Ведунова қызыымен бірге жол апатынан қаза тапты

**Ресей актрисасы Екатерина Ведунова** жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 жастағы қызымен бірге қаза тапты. Апат **4 наурызда** болғанымен, бұл туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен Telegram-арналарда тек бүгін жарияланды.
Қайғылы оқиға **үш күн бұрын** Мордовиядағы **М-5 «Орал»** тасжолында тіркелген. **Renault Fluence** көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, **«Луидор»** көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан **45 жастағы Екатерина Ведунова** мен оның **15 жастағы қызы** оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік жүргізушісі мен жолаушы әйел **ауруханаға жатқызылды**.
Екатерина Ведунова **«Склифосовский»**, **«Универ. Новая общага»**, **«СашаТаня»**, **«Великолепная пятёрка»** және **«Чернобыль»** сериалдарының эпизодтарында түскен.
Әріптестері мен достары Екатеринаны **жарқын әрі өмірсүйгіш**, өз кәсібін шын жүректен жақсы көретін адам ретінде еске алады.


