Астана әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеуге кірісті: рейстердің уақыты өзгертілді

Астана әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарын бастады. Жөндеу 15 сәуірден 31 мамырға дейін күн сайын 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Осыған байланысты аталған уақыт аралығына жоспарланған барлық рейстер алдын ала басқа уақытқа ауыстырылған. Әуежайдың хабарлауынша, терминал мен басқа аймақтар штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Әуе айлағы жолаушыларға ұшудың өзекті уақытын әуежайдың сайтынан немесе әуе компанияларынан нақтылауды ұсынады. Сондай-ақ ішкі рейстерге ұшуға 2 сағат қалғанда, ал халықаралық рейстерге 3 сағат қалғанда келуге кеңес береді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


