Қырымда Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты

Қырымда Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан алты экипаж мүшесі және 23 жолаушы қаза тапты.
Әуе кемесімен байланыс сейсенбі, 31 наурыз күні Мәскеу уақытымен шамамен 18:00-де (Астана уақытымен 20:00) үзілген. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ Қырым үстінде жоспарлы ұшуды орындап жүрген.
1 сәуірге қараған түні Ресей Қорғаныс министрлігі іздестіру-құтқару тобы Ан-26 ұшағының апат болған орнын тапқанын хабарлады. Апаттың алдын ала себебі — техникалық ақау.
Оқиға орнындағы дереккөздің айтуынша, әуе кемесі жартасқа соғылған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


