2025 жылы туризм Алматы экономикасына үлесін арттырды: қызмет көлемі, инвестиция және салық түсімі өсті

Туризм қала экономикасына қосатын үлесін арттыруды жалғастырып, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуін көрсетті.
2025 жылы көрсетілген туристік қызметтер көлемі 15,2% өсіп, 110,9 млрд теңгеге жетті.
Салаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 198,8 млрд теңгені құрап, 39,4% ұлғайды. Ең ірі инвестициялар мына бағыттарға бағытталды:
- қалааралық қатынастағы жолаушылар теміржол көлігі;
- өнер, ойын-сауық және демалыс саласы;
- жолаушылардың құрлық көлігі;
- әуе жолаушылар көлігі;
- тұру және тамақтану қызметтері;
- жеңіл автокөліктерді жалға беру және лизинг.
Туризм саласындағы салық түсімдері 2025 жылы 27,2% өсіп, 84 млрд теңгеге жетті. Негізгі үлесті қоғамдық тамақтану, спорт, демалыс және ойын-сауық, сондай-ақ уақытша орналастыру сегменттері қамтамасыз етті.
Көрсетілген деректер туристік саланың тұрақты дамуын және оның Алматы экономикасына елеулі үлес қосып отырғанын айғақтайды. Осыған байланысты Алматы қаласының туризм басқармасының туристерді тартуға, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға және қаланы халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған кешенді маркетингтік саясатты іске асыруының маңызы арта түседі.


