Ақмола облысында сегіз теміржол вокзалы сүріліп, орнына жаңа ғимараттар салынбақ

Ақмола облысында бірден сегіз теміржол вокзалы сүрілді. Олардың орнына жаңа ғимараттар салу жоспарланып отыр. «ҚТЖ» өңірдегі 16 нысанды қамтитын реконструкция бағдарламасы аясында нысандардың дәл жартысын бұзуға тура келгенін мәлімдеді.
Неліктен вокзалдар сүрілді
Компанияның түсіндіруінше, техникалық тексеріс нәтижесінде Державинская, Атбасар, Аршалы, Уленты, Сары Оба, Еркеншилик, Ерейментау және Есиль станцияларындағы ескі ғимараттар жөндеуге келмейтіні анықталған.
«Сүрудің себебі – ғимараттардың физикалық тозуы. Сүрілген нысандардың орнында қолданыстағы нормативтер мен талаптарға сай жаңа заманауи вокзал ғимараттарын салу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деп хабарлады компания.
Вокзалдар қашан жолаушыларды қабылдайды
Ұлттық компанияның мәліметінше, 16 жобаның барлығы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу кезеңінен өткен және қазір мемлекеттік сараптаманың қарауында.
«ҚТЖ» дерегіне сәйкес, Көкшетау, Курорт-Боровое (Щучинск) және Макинка вокзалдарындағы құрылыс аяқталу сатысында.



«Барлық вокзалдар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады», – делінген жауапта.
Рендеры предоставили в КТЖ
Рендеры предоставили в КТЖ
Рендеры предоставили в КТЖ
Қаржыландыру және құны
Жауапта қаржыландыру «ҚТЖ» қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны айтылғанымен, инвестицияның түпкілікті сомасы жарияланбаған.
Компанияның мәліметінше, әр вокзал бойынша жұмыстардың құны жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін анықталады. Қазіргі уақытта жобалар сараптамадан өту кезеңінде.
Мердігерлер және EPC моделі
«ҚТЖ» жұмыстарды екі мердігер ұйымға бөлген:
- ТОО Integra Construction KZ: Ақкөл, Ерейментау, Есиль, Атбасар вокзалдарын және бірқатар станцияларды (Аршалы, Жаксы, Державинская, Шортанды, Еркеншилик, Сары Оба, Уленты, Жалтыр) жаңғыртады.
- ТОО «Жарқын Құрылыс»: Макинка, Көкшетау және Щучинск (Курорт-Боровое) вокзалдарын модернизациялауға жауапты.
Ұлттық компания реконструкция EPC (Engineering, Procurement, Construction) моделі бойынша жүргізілетінін атап өтті. Бұл мердігерлердің рұқсат құжаттарын алудан бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі толық циклді өз мойнына алатынын білдіреді.
«Осыған байланысты жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңінде жұмыстардың нақты құны түпкілікті айқындалмады, ал келісімшарттар кейіннен “под ключ” сатып алу тетіктері аясында түзету енгізу мүмкіндігімен индикативті баға бойынша жасалды», – делінген жауапта.
Курорт-Боровое: тұрғындардың өтініштері
Бұған дейін, тамыз айында Қазақстан тұрғыны редакцияға жүгініп, Щучинск вокзалы модернизацияға дайындалғанымен, нысанда белсенді жұмыстар басталмағанын айтқан. Threads әлеуметтік желісінде де ұқсас шағымдар жарияланып, жолаушылар ғимараттың ұзақ уақыт жабық тұрғанын және жөндеу белгілері «байқалмайтынын» атап өткен.
Осыған байланысты «ҚТЖ» баспасөз қызметі реконструкцияның кестеге сай жүріп жатқанын және тоқтатылмағанын мәлімдеген. Көрінетін белсенділіктің болмауы бастапқы кезеңдегі жұмыстардың ерекшелігімен түсіндірілген.

«Бірінші айда вокзалды босату, қоршау құрылымын орнату, инженерлік желілерді шығару бойынша техникалық шарттарды алу жөніндегі дайындық жұмыстары жүргізілді. 1 шілдеге дейін нысандарда демонтаж жұмыстары толық көлемде орындалды», – деп хабарлады компания 2025 жылғы тамызда.
Ұлттық компания ғимараттың «контуры жабылғаннан» кейін жұмысшылар ішкі желілерді монтаждауға кірісетінін айтты. Компания жоспары бойынша вокзал шамамен осылай көрінеді.
Мердігер компаниялар туралы мәлімет
ТОО Integra Construction KZ нарықта 2013 жылдан бері жұмыс істейді (алғашқы тіркеу) және Астанада орналасқан. Компанияның құрылтайшысы – жеке Management&Construction Ltd.
Компанияның БИН-ін тексеру нәтижесінде, ТОО-ның Қазақстан бойынша 21 филиалы бар екені көрсетілген. 2026 жылғы сәуірдегі дерек бойынша, компания мемлекеттік сатып алудағы жосықсыз қатысушылар тізілімінде жоқ.
Компания тарихында 213 сот ісінде аталған, оның 208-і – азаматтық. ТОО-ға салынған айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы сомасы 4,8 миллиард теңгеден асты. Сонымен бірге компания ірі жобаларға белсенді қатысуды жалғастырып келеді: барлығы 539 мемлекеттік келісімшарт тіркелген. Қолданыстағы келісімдердің бірі – Алматыдағы инженерлік желілерді дамыту, сомасы 26,1 миллиард теңге.

Компанияның салық төлемдері соңғы жылдары айтарлықтай өскен: 2022 жылы 4,4 миллиард теңге төлесе, 2025 жылы көрсеткіш 22,6 миллиард теңгеге жеткен. 2026 жылдың алғашқы айларында 13,8 миллиард теңге төленген.
Анықтама: компания ресми түрде теміржолдар мен метро құрылысы саласында жұмыс істейді.
ТОО «Жарқын Құрылыс» нарықта 2006 жылдан бері жұмыс істейді және Астанада тіркелген. Компания орта бизнеске жатады және тұрғын үй ғимараттарын салуға маманданған.
ТОО мемлекеттік сатып алуға жеткізуші ретінде белсенді қатысады: 127 мемлекеттік келісімшарт тіркелген. Соңғы жылдары компания 3,1 миллиард теңгеден астам салық төлеген, ең жоғары көрсеткіш 2024 жылы – 1,7 миллиард теңгеден асады. 2025 жылы төлемдер шамамен 611 миллион, ал 2026 жылдың алғашқы айларында 64 миллион теңгеден астам болған.

Мердігер компания тарихында 9 сот ісінде аталған. Айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы сомасы шамамен 98 миллион теңгеге жеткен.
Анықтама: ТОО мемлекеттік сатып алудағы жосықсыз қатысушылар тізімінде жоқ.
2026 жылға дейінгі жоспар: 120-дан астам вокзал
«ҚТЖ» 2026 жылдың соңына дейін 120-дан астам теміржол вокзалын жөндеуді жоспарлап отыр. Ұлттық компания дерегінше, олардың 37-сі апатты деп танылып, сүрілуге жатады. Мысалы, Рудныйдағы Железорудная вокзалы бұзылып қойған. Олардың орнына жаңа ғимараттар салу жоспарланған.
11 наурыздағы жағдай бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстары 36 вокзалда аяқталған, тағы 48 нысан финалдық кезеңде (85–95 пайыз дайындық).


