CMNV вирусы адамдардан анықталып, көрудің жоғалуына дейін жеткізетін көз қабынуын тудыруы мүмкін

Бұған дейін балық пен асшаяндарды зақымдайтыны белгілі болған CMNV вирусы адамдардан да анықталғаны және оның көздің қабынуын тудырып, көрудің жоғалуына әкелуі мүмкін екені Nature Microbiology журналында жарияланған зерттеуде көрсетілді.

Зерттеуде көпшілік жағдайлар суши мен шикі балықты тұтынумен, сондай-ақ теңіз өнімдерімен қорғанышсыз байланыста болумен байланыстырылады.
Қазіргі уақытта бұл вирусқа қарсы арнайы ем жоқ. Қолданылатын тәсілдер ретінде қабынуға қарсы препараттар және көз ішілік қысымды төмендетуге бағытталған терапия аталады.
Зерттеушілер вирустың тек өнімдерді термиялық өңдеу кезінде ғана жойылатынын атап өткен. 📢
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


