🐕 Тазы – бабадан қалған мұра: Абай облысындағы ҚАЖД қызметкері ұлттық тұқымды өсіріп келеді

Абай облысында ҚАЖД қызметкері Дархан Досалинов бес жылдан бері қазақтың ежелден келе жатқан тазы тұқымын өсірумен айналысып келеді.
Дархан Досалинов бұл істі ұлттық мұраны сақтаудың бір жолы деп біледі. Ол таза қанды қазақ тазысының санын арттырып, тұқымның ерекшелігін сақтауға күш салып жүр.
Офицер үшін бұл асыл тұқым — қазақтың салт-дәстүрі мен дала мәдениетін бойына сіңірген құнды мұра. 🐕
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...





