Уганда армиясының бас қолбасшысы Түркияға қарсы мәлімдемелер сериясын жариялады

Уганда армиясының бас қолбасшысы және ел президентінің ұлы Мухузи Кайнеругаба әлеуметтік желілерде Түркияға қарсы мәлімдемелер сериясын жариялады. Ол Түркияның Угандамен соғыста аман қалуға мүмкіндігі жоқ екенін айтып, Стамбұлда өзін қаһарман ретінде қарсы алатынын мәлімдеді.
Кайнеругаба Израильге Тель-Авивті қорғау үшін «500 мың аш адамды» жіберуді ұсынды. Бұдан бөлек, ол Анкарадан 1 миллиард доллар төлеуді талап етіп, Түркияның ең сұлу әйелін өзіне әйелдікке беруді сұрады.
Telegram-канал «Политика страны» мәліметінше, Түркияға қарсы мұндай мәлімдемелер, ықтимал, Сомали мәселесіне байланысты екі ел арасындағы шиеленіскен қарым-қатынаспен байланысты. Онда Уганда ұзақ уақыт Африка Одағының туы астында әрекет еткен, алайда соңғы уақытта Түркия өз ықпалын күшейтіп келеді.
Сонымен қатар, Уганда басшылары Израильді қолдайды, ал оның басшылығын Түркия президенті Ердоған тұрақты түрде сынап келеді.
Анықтама: Уганда — Шығыс Африкадағы теңізге шығатын жолы жоқ мемлекет. Уганда экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына сүйенеді. Әлемдік өлшеммен алғанда, елдің әскери қуаты шектеулі, бірақ Шығыс Африка өңіріндегі ұйымдасқан армиялардың бірі саналады. Уганда армиясы Африкадағы бірнеше өңірлік қақтығыстар мен бітімгерлік операцияларға қатысып, белгілі бір жауынгерлік тәжірибе жинаған.
Еске салайық: 2022 жылдың күзінде Уганда президенті ұлының сөздері үшін Кения тұрғындарынан кешірім сұрауға мәжбүр болған. Ол кезде Кайнеругаба әлеуметтік желілерде бұл елмен соғыс туралы даулы мәлімдемелер жасаған.


