СҚО-да елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстары жалғасуда

🌊 СҚО елді мекендерін су тасқынынан белсенді қорғау

Солтүстік Қазақстан облысында елді мекендерді су тасқынынан қорғау бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. ТЖМ күштері әскери қызметшілермен және басқа да қызметтермен бірлесіп, бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарының тұрақты мониторингін жүргізіп, оларды нығайту жұмыстарын атқаруда.
Бірлескен іс-шаралар аясында ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жеке құрам мен техниканы тарта отырып, жұмыс ұйымдастырды. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қызылжар ауданында инертті материалмен 600 қап толтырылып, бөгетке 180 метр полипропилен төселді. Бұл шаралар қорғаныс құрылыстарының орнықтылығын айтарлықтай арттырып, су басу қаупін төмендетуге бағытталған.


