Санитарлық авиация 1980 жылы туған әйелді Таразға жедел жеткізді

Санитарлық авиация науқасты Тараз қаласына жедел жеткізді

🚁 Кеше шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқасты тасымалдау және жедел түрде ауруханаға жеткізу мақсатында ТЖМ әуе кемесінің ұшуы жүзеге асырылды.
Санитарлық авиация мамандары мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде 1980 жылы туған әйел адам Тараз қаласына жеткізілді. Науқастың жағдайы білікті медициналық көмекті шұғыл түрде көрсетуді талап еткен.
Қызметтердің жедел әрекет етуі және экипаждың жоғары дайындық деңгейінің арқасында ұшу қалыпты режимде өтіп, науқас дәрігерлерге уақытылы тапсырылды.
«Казавиақұтқару» азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында тәулік бойы ұшуға дайындықты қамтамасыз етіп, құтқару міндеттерін орындауды жалғастыруда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


