Ретсіз қойылған көліктер өрт сөндіру техникасының тұрғын үйлерге кіруіне кедергі келтіруде

Ретсіз қойылған көліктер өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып, тұрғын үйлерге өрт сөндіру техникасының кіре алмауына себеп болып отыр. Бұл жағдай өртті сөндіруді күрделендіретін негізгі факторлардың бірі ретінде аталды.

Мәселені алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтер жүргізуде. Олар жағдайды өз көздерімен көріп, тұрғын үйлерге апаратын жолдардың ашық болуын бақылауға бағытталған шаралар атқарып жатыр.
Қазақстан Республикасы Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 164-тармағына сәйкес: «Ғимараттарға, құрылыстарға, сыртқы сатыларға және өртке қарсы су көздеріне апаратын жолдар, кірме жолдар мен өтпе жолдар жарамды күйде ұсталып, өрт сөндіру техникасының еркін өтуіне қолжетімді болуы тиіс».
Мамандардың айтуынша, төтенше жағдай кезінде кез келген кідіріс адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе


