Иран Израильдің оңтүстігіне баллистикалық зымырандар мен дрондармен бірнеше толқын соққы жасады: Арадта қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Иран Израильдің оңтүстігіне — ядролық нысандар орналасқан ауданға — баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар арқылы 8–10 толқын соққы жасағаны хабарланды. Бұл әрекет Иранның Натанзедегі ядролық нысаны атқыланғанына жауап ретінде жасалғаны айтылды.
КСИР Израильдің оңтүстігіндегі Арад ауданын баллистикалық зымырандармен атқылады. Тікелей соққы салдарынан тұрғын үйлер қирап, кемінде алты адам қаза тапты, 100-ден астам адам жараланды, сондай-ақ із-түзсіз жоғалғандар бар.
Хабарламаларда зымыранның тұрғын үй құрылысына тікелей түскені және ауқымды қиратуларға әкелгені көрсетілген. Бұл ақпаратты ЦАХАЛ растады. Израиль армиясының мәлімдемесінде баллистикалық зымыранның құлағаны және оны тосып алуға жасалған әрекеттің сәтсіз болғаны айтылды.
ЦАХАЛ Х желісіндегі хабарламасында Иранның «Рычащий лев» операциясы басталғалы бері алғаш рет шамамен 4000 шақырымға жететін алыс қашықтықтағы зымыран ұшырғаны көрсетілді. Сондай-ақ хабарламада «Восходящий лев» операциясы аясында 2025 жылғы маусымда Израиль қорғаныс армиясы Иран режимі 4000 шақырым қашықтыққа ұшатын зымырандар әзірлеуді көздеп отырғанын мәлімдегені, ал Иран режимі мұны жоққа шығарғаны айтылды.
Арадта ескі төрт қабатты үйлерден тұратын тұтас бір квартал қирағаны хабарланды. Үйінді астында адамдар қалып қойған, іздеу-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Құтқарушылар мезгіл-мезгіл зардап шеккендерді шығарып жатқанымен, қаза тапқандар саны артуы мүмкін екені айтылды.

Израиль армиясының дерегінше, сөз болып отырғаны — шамамен жарты тонна жарылғыш зат бар жауынгерлік бөлігімен жабдықталған баллистикалық зымыран. Оны тосып алуға екі рет әрекет жасалған, алайда екеуі де сәтсіз аяқталған.
Бұған дейін Иран Израильдің оңтүстігіндегі Димона ауданына да соққы жасағаны хабарланды. Онда да ірі қиратулар болғаны айтылды: түсірілген кадрларда көптеген ғимараттың құлағаны, қираған аймақтардың пайда болғаны және зардап шеккен жерлерде іздеу-құтқару топтарының жұмыс істеп жатқаны көрінеді.
Сондай-ақ, Израильдің «Едиот Ахронот» газеті зымыран сынықтары 12 учаскеге түскенін, кейбір зымырандардың нысанаға тигенін және зымыран түскен бір ғимараттың құлағанын хабарлады. Мәліметте қоғамдық панахана мен өзге де көптеген нысандардың зақымданғаны да атап өтілді.


