Астанада №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында түнде өрт шықты

Астанада түнгі уақытта №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында өрт болды.
Өрт туралы хабар 11 сәуір күні сағат 22:48-де аурухананың бір бөлмесінен түскен. 22:55-те оқиға орнына 101 қызметі жеткен. 23:08-де өрт толықтай сөндірілді.
Жедел қызметтер мен медицина қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға байланысты балалар көрші ғимаратқа көшірілді.
Өрттің шығу себептері туралы ақпарат берілмеді.
Сол түні Астанада Түркістан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерде де өрт шықты. Өрт орнынан үш кәмелетке толмағанның мәйіті табылды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


