Қарағандыда әйелдің үстіне жарық бағаны құлап, ол көз жұмды

Қарағандының 22-шағынауданында 59 жастағы әйел жолдан өтпек болған кезде оның үстіне жарықтандыру тірегі (опора) күтпеген жерден құлаған.
Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға арнайы техника себеп болуы мүмкін: көлік қоқыс алаңында бұрылу кезінде кабельді іліп кеткен, соның салдарынан тірек құлаған. Алайда жүргізуші жұмыс істейтін компания оның кінәсін жоққа шығарады.
Қарағанды тұрғынының қаза болуына байланысты «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


