Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту

⚡️ Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті.
Оның айтуынша, қоғамда тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін орнықтырудың мән-маңызы зор.
Осы тұрғыда Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын айрықша атап өтті. Ол бұл бастама қала мен ауылды абаттандыру жұмысымен ғана шектелмейтінін, жобаның түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту екенін айтты.
Сондай-ақ бұл арқылы азаматтарды қастерлі Отан – Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамай, болашақтың іргесін бірге қалауға шақыру көзделетіні айтылды.
Мемлекет басшысы жауапкершілік, әділдік және өзара құрмет бар жерде ғана өсіп-өркендеуге, дамуға жол ашылатынын жеткізді. Бұл ұстаным өркениетті мемлекеттер мен халықтарға ортақ екені атап өтілді. Осы құндылықтар жаңа Халық Конституциясына арқау болып отырғаны да айтылды.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы елдің дамудың даңғыл жолына түсіп, жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналғанын, нақты жетістіктер бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – ең алдымен, сапалы адам капиталы.


