Абай облысының Үржар ауданында паводкоқауіпті аумақтар БПЛА арқылы әуеден тексерілді

МЧС құтқарушылары таудағы қар жамылғысын ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА) арқылы тексерді.

✈️ Абай облысының Үржар ауданында су тасқыны қаупі бар аумақтарға БПЛА қолдану арқылы аэровизуалды тексеру жүргізілді.
🔎 Әуеден бақылау барысында таулы аймақтарда қар жамылғысы сақталғаны, жағдайдың тұрақты екені және қардың белсенді еруі байқалмайтыны анықталды. Жазық аумақтарда қар негізінен еріп кеткен, өзен арналары ашылған, су өткізу қалыпты тәртіпте жүзеге асуда.
🏘 Елді мекендерде су басу қаупі тіркелген жоқ.
✅ Тексеру қорытындысы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты деп бағаланып, бақылауда тұр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


