Иранның барлау министрі Эсмаил Хатиб Израильдің әуе соққысынан қаза тапты

Иранның барлау министрі Эсмаил Хатиб Израильдің әуе соққысы салдарынан қаза тапты.
ЦАХАЛ мәлімдемесіне сәйкес, сәрсенбіге қараған түні Израиль ӘӘК ЦАХАЛ барлау деректеріне сүйене отырып, Тегеранда нысаналы соққы жасап, Иран режимінің барлау министрі Эсмаил Хатибті «жойған».
Эсмаил Хатиб 2021 жылы Иранның барлау министрі болып тағайындалған. БАҚ дерегінше, ол Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтабе Хаменеиға ең жақын адам ретінде саналады.
Израильдің қорғаныс министрі Израэль Кац та бұл ақпаратты жергілікті БАҚ-қа растаған.
Еске салайық, 17 наурызда ЦАХАЛ Тегеранға жасалған әуе соққысы нәтижесінде Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Али Лариджани және Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) құрамындағы «Басидж» бөлімшесінің қолбасшысы генерал Гулямреза Сулеймани өлтірілгенін мәлімдеген болатын.
Кейін Иран президенті Масуд Пезешкиан Лариджанидің қаза тапқанын растады және оның өлімі үшін қатаң кек алуға уәде берді.
Читайте также: Иран объявил о новой атаке на Израиль в ответ на гибель секретаря Совбеза


