Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ әскери нысандарына соққы жасағанын мәлімдеді

Иран Кувейт, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) АҚШ-тың әскери позицияларына соққы жасағанын хабарланды.
Материалда Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) ақпараты келтірілген.
КСИР мәлімдеуінше, АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде басталған «Верное обещание 4» операциясының 95-ші толқыны аясында Израиль мен АҚШ-қа қатысты нысандарға жаңа соққылар жасалған.
Атап айтқанда, соққыға Кувейттегі Бубиян аралында орналасқан АҚШ армиясының HIMARS артиллериялық батареялары, Бахрейннің солтүстігінде орналастырылған АҚШ армиясының Patriot әуе қорғаныс жүйелері, сондай-ақ БАӘ-дегі Сил-Банех ауданында АҚШ армиясының жоғары лауазымды командирлері мен нұсқаушылары жиналатын орын түскені айтылды.
КСИР нақтылауынша, зымырандық шабуылдар барысында БАӘ-дегі америкалық Oracle технологиялық компаниясының орталығы, Израильмен байланысы бар кеме және Бахрейндегі Халифа бин Салман порты да нысанаға алынған.
Сондай-ақ Израильдегі Бней-Брак, Петах-Тиква, Тель-Авив, Рамат-Ган және Кирьят-Шимона аудандарындағы объектілер көпзарядты зымырандармен қарқынды әрі үздіксіз соққыға ұшырағаны хабарланды.
КСИР шабуылдардың жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Осы уақытта IRNA агенттігі Telegram-арнасында өңірдегі америкалық нысандарға ұшқышсыз аппараттармен жасалған шабуылдардың бейнекадрларын жариялады.
Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы Иранның Махшехр қаласындағы мұнай-химия кешеніне соққы жасағаны хабарланған. Израиль армиясының мәліметінше, зауыттардың бірінде Иран баллистикалық зымырандарға арналған жарылғыш заттарды дайындаумен айналысқан.
Трамп Тегеранға жасалған ауқымды соққының бейнекадрларын жариялады


