Forbes Қазақстандағы ең бай әйелдердің алғашқы рейтингін жариялады

Forbes.kz Қазақстандағы ең бай әйелдердің алғашқы рейтингін жариялады. Тізімге елдің 25 бизнесвумені енді.
Рейтингті құрастырушылар топ-25 қатысушыларының капиталының көзі Forbes Kazakhstan-ның «Қазақстанның 75 ең бай бизнесмені» негізгі рейтингінен принципті түрде ерекшеленетінін атап өтті.
Редакцияның бағалауынша, ең бай бизнесвумендер рейтингіне енген қатысушылардың дәулетінің 85–90%-ы қандай да бір түрде отбасылық немесе серіктестік құрылымдармен байланысты: мұрагерлік, неке одақтары немесе бизнес-топтардағы үлестік қатысу арқылы.
Сонымен қатар, әйелдер барған сайын тек үлес иелері ғана емес, басқарушы ретінде де көріне бастады: бағыттарды дамытып, жаңа өнімдер қалыптастырып, бизнесті әртараптандырады. Бұл әсіресе тізімнің орта бөлігіндегі бизнеске тән, онда ретейл, білім беру, қаржы және қызмет көрсету салаларындағы активтер ұсынылған.
Forbes нұсқасы бойынша ең бай қазақстандық әйелдер:
- Динара Кулибаева - $5,4 млрд
- Мукадасхан Ибрагимова - $650 млн
- Дарига Назарбаева - $550 млн
- Анжела Сарсенова - $249 млн
- Айжан Есiм - $207 млн
- Айдан Сулейменова - $175 млн
- Каншаим Сейтжанова и Жанна Сейтжанова - $84 млн
- Алена Сулейменова - $73 млн
- Гаухар Каппарова - $65 млн
- Гульнар Досаева - $61 млн
- Раушан Сагдиева - $57 млн
- Ирина Козлова и Александра Соколова - $52 млн
- Любовь Дружинина - $50 млн
- Сауле Сейсембаева - $48 млн
- Элеонора Баталова - $44 млн
- Карина Сарсенова - $42 млн
- Алия Маханова - $39 млн
- Наталья Акентьева - $36 млн
- Сауле Зейнолла - $35 млн
- Амина Касымова - $34 млн
- Сандугаш Кемельбаева - $34 млн
- Галина Зкрияева - $33 млн
- Амина Ажмаганбетова - $31 млн
- Гаухар Абыкаева - $30 млн
- Жанна Кан - $28 млн


