Қазақстанда паводкоқауіпті учаскелерге мониторинг жүргізіліп, мұз кептелістерінің алдын алу жұмыстары атқарылуда

🌊 Қазақстанда көктемгі паводок кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Дайындық аясындағы іс-шаралар кешені гидрологиялық жағдайға мониторинг жүргізуді, алдын алу бағытындағы инженерлік жұмыстарды атқаруды, сондай-ақ өзендерде мұз кептелістерінің алдын алу үшін бақыланатын мұз жару жұмыстарын жүзеге асыруды қамтиды.
💥 Су басу қаупін азайтудың негізгі құралдарының бірі — бақыланатын жарылыс жұмыстары. Бұл жұмыстар Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында жүргізілді.
✅ Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша:
- әртүрлі өзендерде барлығы 191 жарылыс жұмысы орындалды;
- 31 560 метр мұз кесілді;
- өңделген учаскелердің жалпы ауданы 561 мың шаршы метрді құрады.
Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыз.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...








