Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Артем Антроповқа Қарағандыда пәтер кілті табысталды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Артем Антроповқа пәтер кілті табысталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Қарағандыда өтті.
Спорттағы ерекше жетістіктері үшін Артем Антропов туған қаласында Республикалық ауыр атлетика федерациясынан пәтер сыйға алды.
Спортшының айтуынша, көрсетілген назар мен қолдау жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады. Ол мұның жас буын үшін мақсатқа жетуге, спортпен айналысуға және жеңіс қуанышына толы жарқын болашақ құруға үлгі әрі үміт екенін атап өтті.

Артем Антропов Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджиев Гаджи Шапиевичке алғысын білдіріп, федерация басшылығының пәтер сыйлауы алғаш рет болып отырғанын айтты. Ол мұны «арман пәтер» деп атап, эмоциясының ерекше екенін және жеңістері мен талпынысының жоғары бағаланғанына қуанышты екенін жеткізді.
Айта кетейік, бір жыл бұрын Артём Антропов Қазақстанның үш рекордын орнатқан. Ал 2024 жылы ол Бахрейннің Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.


