Александр Лукашенко Минскіде №42 жаңа қалалық емхананың ашылуында сөз сөйледі

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск қаласында №42 жаңа қалалық емхананың ашылу рәсімінде сөз сөйледі.

Сөз барысында ол күтпеген жерден өз билігіне қарсы өткен жаппай наразылықтарды еске алып, оларды АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізіп жатқан соғысымен салыстырды.
Лукашенко әсіресе Израиль туралы пікір білдіріп: «Еврейлер де жақын арада қай жерге араласқанын түсінеді деп ойлаймын», – деді.
Сондай-ақ ол Израильдің аумағы мен халқы жағынан шағын мемлекет екенін атап өтіп, «айналасындағы көптеген елдерді жау санап, оларға шабуыл жасайды» деп қосты.
🎙️@yearassyl
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


