Алматыда зооқорғаушылар қаңғыбас жануарларды эвтаназиялау туралы заң жобасына қарсы шықты
фото: krispmedia
Алматыда Қазақстандық баспасөз-клубы алаңында Аружан Саин бастаған зооқорғаушылардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиында олар қаңғыбас жануарларды эвтаназиялау туралы заң жобасына қарсы позициясын білдірді.
Қоғамда заң жобасын қолдаушылар мен қарсы тарап арасында пікірталас жүріп жатқан тұста спикерлерге тікелей сұрақ қойылды: маңыздысы қайсы — қаңғыбас иттердің өмірі ме, әлде балалардың өмірі ме? Мысал ретінде журналист Ақтөбе облысындағы трагедияны келтірді: 2022 жылы иттер үйірі баланы талап өлтірген.
Алайда Аружан Саин бұл мәселенің өткірлігін мойындау немесе көңіл айту орнына, қаңғыбас иттердің шабуылынан балалардың қаза табуын тұрмыстық жарақаттану және әскери қақтығыстардағы құрбандармен қатар қойды.
«Смотрите. К сожалению, во всем мире люди и дети страдают в самых разных ситуациях. К огромному сожалению. Дети страдают в военных конфликтах, выпадают из окон. Да, как бы страдают от рук преступников, насильников и прочего. Как бы такого того ужасного, что может случиться, происходит не только в Казахстане, но и в нашей стране тоже. Полностью защитить, ну, мне кажется, друг друга и наших детей очень хочется, но это не всегда получается от всего защитить», – подчеркнула Аружан Саин.
Сөзінің соңында ол қайғылы оқиғалар үшін жауапкершілікті тікелей балалар мен олардың ата-аналарына жүктеді. Қоғам белсендісінің пікірінше, қоғамдық орындарда қаңғыбас иттердің шабуылына кінәлі — аулау қызметтері де, заңнаманың кемшілігі де емес, керісінше баланың жануармен кездесуі кезінде «потенциальный негативті» алдын ала ескере алмаған ересектер.
«Да, и в отношении детей я бы очень бы хотела, ну, как бы все-таки не оставлять детей без надзора и в ситуации, где они могут от кого-либо пострадать. Понимаете? Ребенок не должен находиться, особенно маленький, в том месте, где, ну, как бы потенциально, да, с ним может что-то негативное случиться. Это ответственность не только животных, но и на взрослых тоже», – отметила она.
Қаңғыбас жануарлар санына бақылау жүргізудегі қолданыстағы шаралардың тиімсіздігіне қарамастан, зооқорғаушылар эвтаназияны мәселені шешудің құралы ретінде әлі де қабылдамайтынын айтты. Олардың ұстанымынша, халық үшін нақты қауіп жағдайында да басымдық стерилизацияға берілуі тиіс — бұл әдіс жануарды көшеде қалдырады және оның агрессияға қабілетін жоймайды.




