Алматы тауларында жарақат алған туристке жедел көмек көрсетілді

⛰ Алматы тауларында туристке жедел көмек көрсетілді

Бүгін Алма-Арасан шатқалында демалыс кезінде бір турист «Аю-Сай» сапар-орталығы маңында, шамамен 1200 метр биіктікте экопосттан жоғары кезекшілік атқарып жүрген ТЖМ қызметкерлерінен көмек сұрады.
Анықталғандай, 1996 жылы туған Ресей Федерациясының азаматшасы «Хоббиттер» сарқырамасынан түсу кезінде аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған.
🧑🚒 Құтқарушылар жедел әрекет етіп, зардап шеккен әйелді таулы соқпақ арқылы «Аю-Сай» сапар-орталығының автотұрағына дейін жеткізді. Күрделі жер бедеріне қарамастан, операция жылдам әрі қауіпсіз өтті.
🚑 Оқиға орнында әйелді жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап, әрі қарай тексеру үшін алып кетті. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
⚠️ Оқиға тауда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды.


