Павлодар облысында әділет департаменті басшысының орынбасарына бағыныштыларымен сөйлесу мәнері үшін қатаң сөгіс ұсынды

Павлодар облысында әділет департаменті басшысының орынбасарын бағыныштыларымен жоғарыдан сөйлескені үшін жазалау ұсынылды. Қызметкерлердің шағымы қызметтік тексеріс барысында расталған.
Мәселе әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Бұған Айдын Саменкуловтың бағыныштыларының өтініштері себеп болған. Олар шенеунік қатысқан кеңестердің бірінің аудиожазбасын ұсынған.
Павлодар облысының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті жанындағы әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Амангельды Хамзиннің айтуынша, әңгіме бейәдеп сөздер туралы емес, қарым-қатынас мәнері туралы болған.
"Конечно, там мата нет, это прекрасно, этого делать не надо. Но есть такое, значит, высокомерие: "Вы кто такой?", "Вас как зовут?" — 10 раз спрашиваете одно и то же. Это что такое? Можно было бы запомнить, тем более это ваш работник, с которым вы минимум 4 года работаете. То есть высокомерие, что не подходит для государственного служащего", — сказал Амангельды Хамзин.
Жүргізілген тексеріс некоррект мінез-құлық фактілерін растаған. Соған қарамастан, Айдын Саменкулов өз кінәсін мойындамаған. Оның айтуынша, шағымдар тек бір бөлімнің қызметкерлерінен түскен, ал басқа қызметкерлер оның жұмысын оң бағалайды.
Сондай-ақ шенеунік бұл жағдай өзінің кәсіби қызметімен және жуырдағы мансаптық ұсыныстармен байланысты болуы мүмкін екенін болжап айтқан.
"Это не просто так. Вот не знаю, конечно, это не к месту говорить, но это связано с моей работой. Мне, когда я с учёбы вышел на работу, мне из Министерства юстиции предложили должность в другой области, в другом регионе, я отказался. Я думаю, это связано с этим", — сообщил Саменкулов.
Кеңестің шешімі
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мұндай мінез-құлықтың, әсіресе бағыныштыларға қатысты, жол берілмейтінін атап өтті. Оған қарым-қатынаста ұстамды болып, ұжымдағы қақтығыстардан аулақ болу ұсынылды. Кеңес қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.
Бұған дейін Екібастұз прокуратурасы әкімдік мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзғанын анықтаған. Заңнамалық тыйымға қарамастан, шенеуніктер букмекерлік кеңселерде белсенді шоттарға ие болған.


