Uzbekistan Airways 29 наурыздан бастап Ташкент — Атырау бағыты бойынша жаңа рейс ашады

Uzbekistan Airways 29 наурыздан бастап Ташкент — Атырау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады.
Жоспарға сәйкес, рейстер аптасына екі рет — дүйсенбі және жұма күндері орындалады. Ұшулар Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Министрлікте жаңа бағыттың ашылуына Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдары арасында 2025 жылғы 14 тамызда өткен келіссөздер алғышарт болғанын атап өтті. Келіссөздер аясында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындауға арналған құқықтық базаны одан әрі кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген.
Хабарламада: "Әуе қатынасының іске қосылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді", — делінген.
Сондай-ақ министрлік халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.


