Сенат Жоғарғы сот судьясы Ерлан Космуратовты қызметінен босатты

Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Сенат Жоғарғы сот судьясы Ерлан Космуратовты қызметінен босатты.
Тиісті ұсынысты палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов оқыды. Оның айтуынша, Космуратов басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босатылған.
Малаховтың мәліметінше, Мемлекет басшысының ұсынысында Космуратов Ерлан Смадияровичті басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату мәселесі қаралған. Ол 2026 жылғы 2 наурыздағы Мемлекет басшысының жарлығымен Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған.
Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен Ерболат Ахметжанов босатылған. Ахметжанов «аркангергендік мерген» Владислав Челахқа және Шымкенттен шыққан «сыра королі» Тохрат Тулешовке үкім шығарғанымен белгілі.
Бұған дейін Сенат Жоғарғы соттың бірден үш судьясын қызметінен босатқан болатын.


