Түркістандағы қазақ күресі Кубогында баласын құшағына алған бапкер спортшыны қолдап, желіде қызу талқыланды

Әлеуметтік желілерде ер адамның кішкентай баланы қолына ұстап тұрып, жарыс үстінде спортшыны белсенді қолдаған видеосы танымал бола бастады.
Пайдаланушыларды елжіреткен видео Түркістанда қазақ күресінен Қазақстан кубогы кезінде түсірілген. Кадрда ер адам бір қолымен жарысқа қатысушыны жігерлендіріп, екінші қолымен кішкентай баланы ұстап тұрғаны көрінеді.
Кейін видеодағы адамдардың Асель Бисембай мен Нұрсұлтан Исса екені белгілі болды. Екеуі де жекпе-жек түрлерімен айналысады.
Бапкер спортшыны ұлын құшағына алып қолдауға келген
Асель Бисембай Түркістандағы турнирде Қызылорда облысының құрамасы сапында өнер көрсеткен. Бұл құрама турнир жеңімпазы атанды.
Бисембайдың айтуынша, видеодағы адам — оның «аға тәлімгері», әрі «туған бауырындай» жақын жан.
"На видео мой старший наставник, можно сказать, как родной брат. Мы познакомились благодаря спорту, но со временем наше общение переросло в тёплые, почти семейные отношения. > > Он всегда поддерживает меня не только как спортсменку, но и как человека. Ребёнок у него на руках — его сын, а рядом стоит его супруга. Для меня очень ценно, что они всей семьёй пришли меня поддержать", - рассказала Асель в беседе с корреспондентом Tengri Sport.
Әлеуметтік желілерде кейбір қазақстандықтар мұндай қолдау жарыс кезінде спортшының назарын бөле ме деген сұрақ көтерген. Спортшының сөзінше, трибунадағы жағдай керісінше оған сенім берген.
"Мы вместе ездили на многие соревнования по дзюдо. Его вклад в моё развитие очень большой. Во время схватки спортсмен не всегда может объективно оценить ситуацию — всё происходит быстро, на эмоциях. А человек со стороны видит каждую деталь, учитывая его огромный опыт. Его подсказки, анализ и советы по технике приёмов помогают мне исправлять ошибки и расти", — рассказала спортсменка.
Бисембай оның өзіне көп нәрсе үйреткенін атап өтті.
"Отвлекала ли такая поддержка? Нет, наоборот, это придавало мне уверенности. Для меня было большой честью, что он пришёл поддержать меня вместе со своей семьёй. Такая поддержка мотивирует и даёт дополнительную силу, особенно в ответственные моменты", — добавила она.
Кішкентай қазақстандықтың қолдауы 10 жылдағы алғашқы жеңіске әсер етті
Финалда Қызылорда облысының құрамасы тартысты бәсекеде Қостанай облысының командасын 4:3 есебімен жеңген. Асельдің айтуынша, «алтын кубок» 10 жылдан кейін алғаш рет Қызылордаға барады.
"То, что этот трофей приехал в наш край, — это не просто личное достижение, а важное событие для всего региона. Это показатель того, что спорт у нас развивается. Я считаю своим гражданским долгом прославлять родную землю и поднимать её на новый уровень", — заявила она.
Асель Бисембай бұған дейін дзюдо және самбомен айналысып, екі спорт түрінен де спорт шебері атағына қол жеткізген. Қазір ол толықтай қазақ күресіне ден қойған.
"Я уже достигла определённых результатов в дзюдо и самбо, но не собираюсь останавливаться. Сейчас моя главная цель — развивать и популяризировать казахскую борьбу. > > Хочу внести вклад в её продвижение и добиться звания мастера спорта по казахской борьбе. Также планирую продолжать выступать на высоком уровне и вдохновлять молодое поколение заниматься спортом", — заключила девушка.
Бұған дейін қазақстандық Ильдар Амирдинов ел тарихында алғаш рет ушу-саньдадан жастар арасында әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді.


