Оралда полицейлер адасып қалған кішкентай қызды отбасына аман-есен табыстады

👮♂️ Оралда полицейлер адасып қалған кішкентай қызды отбасына табыстады
Оралда Жайық өзенінің жағасында серуендеп жүрген кішкентай қыз әжесі мен әпкелерінен көз жазып қалып, адасып кеткен.
Қызды байқаған тұрғын оны патрульдік полиция қызметкерлеріне тапсырған. Полицейлер бүлдіршіннің жағдайын анықтап, оның көрсеткен бағыты бойынша жедел әрекет етіп, үйіне апарып, әжесіне аман-есен табыстады.
– Басты міндетіміз – қоғамдық қауіпсіздік, әсіресе балалардың амандығы әрдайым назарымызда, – деді патрульдік полиция инспекторы Қырымбек Меңдіжанов.
⚡️ Тәртіп сақшылары балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Қоғамдық орындарда және су айдындары маңында ерекше сақ болуға шақырады.
⚡️ Полиция баланың өз аты-жөнін, сондай-ақ ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректерін білуі маңызды екенін еске салды. Балаларды, әсіресе қоғамдық орындарда және су айдындары маңында, қараусыз қалдырмауға шақырды.
⚡️ Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


