Камчыбек Ташиев Қырғызстанға оралып, ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында жауап беріп жатыр

Қырғызстан ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Камчыбек Ташиев Қырғызстанға қайта оралып, қазіргі уақытта ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында (ГСУ МВД) жауап беріп жатыр.
Жергілікті БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сәйкес, бұл оқиға жергілікті уақытпен таңғы 10:00-де болған. Қазіргі сәтте Ташиевтің ІІМ ГСУ ғимаратында екені айтылып отыр.
Сондай-ақ Камчыбек Ташиевтің екі қылмыстық іс бойынша куә ретінде тергеу-жедел іс-шараларына шақырылғаны хабарланды. Ол тергеушіге адвокатымен бірге кірген.
Контекст 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Камчыбек Ташиевті барлық қызметінен босатқан. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қадамның «негізгі мақсаты — мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы бөлінудің алдын алу» болған.
Бұл шешім Қырғызстан президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы өтініш жасалған жағдай аясында қабылданған. Жапаровтың баспасөз хатшысының айтуынша, Ташиевтің жақын ортасындағы адамдар депутаттарға қоңырау шалып, оларды «генерал жағына өтуге» және «президенттің жаңа сайлауын бастамалауға» үгіттегені туралы мәлімет бар.
Бұрынғы досы әрі серіктесімен арадағы келіспеушілік туралы айта отырып, Жапаров бұл мәселені трагедияға айналдырмауға шақырған.
13 ақпанда Ташиев Қырғызстанға келіп, емін аяқтамай елге оралуға мәжбүр болғанын мәлімдеген. Төрт күннен кейін ол елден қайта кеткен.
Осы тақырыпта: ҰҚМК-ның экс-басшысы Камчыбек Ташиевтің туған ағасы жауап алуға шақырылды


