Еркебулан Тоқтар Hype Fighting Asia турнирінің басты жекпе-жегінде Марсель Нурланбек уулуға жол берді

Арменияда өткен Hype Fighting Asia турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Еркебулан Тоқтар Қырғызстан өкілі Марсель Нурланбек уулуға жол берді.
Жекпе-жек ММА қолғаптарымен бокстың ережелері бойынша өтіп, толық қашықтыққа созылды. Қарсыласу қорытындысында төрешілер бірауыздан Нурланбек уулудың жеңісін тіркеді. Қырғызстандық спортшы раундтар бойынша 3:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Тоқтардың қатарынан жеті жеңістен тұратын сериясы үзілді. Бастапқыда Тоқтар мен Нурланбек уулу арасындағы кездесу 2025 жылдың ақпанында Nomad Fighting 12 турнирінде өтуі тиіс болған, алайда ол кезде қырғызстандық файтер жекпе-жекке екі күн қалғанда қатысудан бас тартқан.
Еркебулан Тоқтар — актер. Ол ұзақ уақыт pop-MMA форматында өнер көрсетіп, кейін кәсіби MMA-ға ауысқан. Қазіргі рекорды — 11-3.
Биыл Тоқтар Instagram желісіндегі жазылушылар саны бойынша Қазақстаннан шыққан UFC жартылай орта салмақ рейтингінің бұрынғы №2 спортшысы Шавкат Рахмоновтан озып кетті. Қазір Еркебуланға 2,2 миллион адам жазылған, ал Шавкатқа — 1,8 миллион.
Осылайша, Еркебулан Тоқтар Қазақстандағы ең танымал MMA файтері атанды.


