Алматыда Наурызнама аясында «Тазару күніне» орай Астана алаңында экоакция өтті

Алматыда Наурызнама декадасы аясында «Тазару күніне» (Тазарту күні) орай қала жастары Астана алаңында экологиялық акция ұйымдастырды.
Сол күні алаңда қала жастарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Концерт аяқталғаннан кейін алматылық еріктілер бірден аумақты тазалау жұмыстарына кірісті.
Жас белсенділер алаңға іргелес аумақты ретке келтіріп, қоқыс жинап, қалалық ортаның тазалығын сақтауға үлес қосты.
Акцияға қатысушы Айша Берикова «Тазару күні» бір реттік шара ғана емес екенін атап өтті: «Тазару күні» — бұл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыратын бастама. Концерттен кейін бірден тазалыққа кірістік, туған қалаға деген қамқорлығымызды көрсеткіміз келді. Біз Алматының таза әрі көрікті болғанын қалаймыз», — деді ол.
Шара қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жалпы қалалық іс-шаралардың бір бөлігі болды.


