Қазақстандағы балабақшалар мен колледжтерде қақтығыстарды реттеу үшін медиация қызметтері енгізіледі

Қазақстандағы балабақшалар мен колледжтерде қақтығыстарды реттеу үшін медиация қызметтері енгізіледі.
Бұл қызметтер балалар, студенттер, педагогтер және ата-аналар арасындағы дауларды шешуге көмектесіп, сондай-ақ буллингтің алдын алуға бағытталады. Балабақшаларда балаларды ерте жастан келісімге келуге үйрету көзделсе, колледжтерде қақтығыстар мен травляны азайту мақсаты қойылады.
Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы ҰАО-ның әдістемелік ұсынымдары бойынша жүргізіледі. Медиация қызметтерінің құрамына педагогтер, психологтер, ата-аналар және оқушылардың өздері кіреді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


