Павлодар облысында құтқарушылар трассада әкесі мен баласына көмек көрсетті

Павлодар облысында республикалық маңызы бар Астана – Павлодар автожолында көлігі бұзылып қалған жүргізуші 112 желісіне хабарласып, көмек сұрады.

Хабарламада қозғалтқыштағы ақауға байланысты автокөліктің мүлде оталмай қалғаны айтылған. Жолдан өтіп бара жатқан көліктер де тоқтамаған.
Оқиға орнына құтқарушылар шамамен 40 шақырым жүріп өтіп, жедел жеткен. Олар жүргізуші мен оның кәмелетке толмаған баласына көмек көрсетті.
Жолаушылар Шідерті кентіндегі мешітте орналасқан жылыту пунктіне жеткізілді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


